Базада Қазақстанның карьерлері мен битум зауыттары, олардың географиялық ақпараттық жүйе картасындағы геолокациясы туралы деректер сақталады. "ҚазжолҒЗИ" вице-президенті Айдос Елшібаевтың айтуынша, жоба жасаушылар көбінесе карьерлер мен зауыттардың сапасы, олардың қуаты туралы дерек тапшылығы болады.
"Бірыңғай база жобалау және құрылыс кезінде сыналған карьерлер, битум зауыттары, инновациялар, технологиялар туралы ақпарат алуға көмектеседі. Бұл жол құрылысын әлдеқайда жеделдетіп, жақсарта түседі", ¬- дейді Айдос Елшібаев.
Сонымен бірге бірыңғай база жолдың климаттық аймағын және барлық қолайлы климаттық материал мен әдістерді ескереді.
Көрме ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми қолдауымен ұйымдастырылды.