Қазақстан АІВА-дан Левитке қатысты түсінік беруді сұрады

1004

Қазақстандық тарап Ресейдегі әлем чемпионатының жартылай финалындағы күмәнді жекпе-жектен соң түсінік беруді сұрайды.

Қазақстан АІВА-дан Левитке қатысты түсінік беруді сұрады

Қазақстан бокс федерациясы АІВА президенті міндетін уақытша атқарушы Мұхаммед Мустасанға Василий Левиттің әділетсіз жеңілуіне орай хат жолдады, деп жазады Olympic.kz. 

ҚФБ атқарушы директоры Бекжан Бектеновтің айтуынша,  үш раунд бойы қазақстандық боксшысы басым болған.  Алайда ол АІВА төрешілері неліктен мұндай шешім қабылдағандарын түсіндірмегенін мәлімдеді.

 "Қадірлі Мұхаммед Мустасан! Қазақстан бокс федерациясы Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан ХХ әлем чемпионатындағы төрешілік мәселесіне орай Сізге жүгінуге мәжбүр. Іріктеу айналымдарында төрешілердің бірнеше рет күмәнді шешім қабылдағанына куә болдық. Ал әлем біріншілігінің жартылай финалында кездескен 91 келідегі қазақстандық Василий Левит пен эквадорлық Хулио Цезарь Кастилльо Торрес арасындағы кездесу шешімі тіпті ақылға қонбайды. Аталған жекпе-жекті тамашалаған қазақстандық сарапшылардан бөлек, Олег Саитов, Алексей Тищенко, Егор Мехонцев және Григорий Дрозд сынды шетелдік мамандарың өзі бұл сында Василий Левиттің жеңіске жеткенінен сенімді,  - деді Бекжан Бектенов,

Атқарушы директордың айтуынша, АҚШ, Оңтүстік Корея және Угандадан келген үш төреші жеңісті эвкадорлық боксшыға берген. Тіпті, Оңтүстік Кореялық төреші Левиттің қарсыласына 30:27 есебімен жеңісті берген.

"Әлем чемпионаты аяқталған соң Қазақстан бокс федерациясы АІВА жарыстарындағы төрешілікке қатысты ресми түсінік сұрайды және Сізден қандай шаралар қабылданғанын жеткізуді сұрайды" - деді ол ҚФБ атқарушы директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу