KBI Partners Limited компаниясына айыппұл салынды

563

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” АХҚО-да тіркелген KBI Partners Limited жеке компаниясына қатысты мәжбүрлі іс-шара қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

KBI Partners Limited компаниясына айыппұл салынды Фото: businessmir.kz

Іс-шара осы компанияның АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 24-тармағын бұзғаны үшін және АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 (а) тармағын бұзып, AFSA лицензиясынсыз қаржылық қызмет көрсеткені үшін қабылданды.

АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 118 (1) (a) тармағына сәйкес KBI Partners Limited компаниясына 7000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылық айыппұл салынды.

AFSA бұл шешімді KBI Partners Limited компаниясының мынадай Актілерін бұзғаны үшін қабылдады:

  • АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 24-ші тармағы қатысушының AFSA лицензиясынсыз реттелетін қызмет түрлерін көрсетуге, нарықтық қызметпен және қосымша қызметтермен айналысуға тиым салады.
  • АХҚО-да іс жүргізу Ережелерінің 3.3.1 тармағы (a) тұлғаға, егер тұлғаның өзі реттелетін компания болмаса, оған AFSA лицензиясы бар компанияның реттелетін қызметін қаржылық тұрғыда алға жылжытуға тиым салады.

AFSA Бас директорының орынбасары Гарет Линг: "Арнайы лицензияға ие болу арқылы іс жүргізу АХҚО қаржылық жүйесінің толыққанды болуы үшін және сенімді қалыптастыру үшін өте маңызды. Тұтынушылар мемлекет тарапынан ұсынылатын нормативті-құқықтық базаның өздерін қорғайтынына және АХҚО-дағы өздерімен жұмыс істейтін компанияның AFSA-дан тиісті лицензия алғандығына сенімді болуы керек", -деді.

AFSA қабылданған шешім АХҚО-ның қаржылық қызметтері бойынша Ережелерінің 7 (3) тармағында көрсетілген реттеушілік мақсаттарына, АХҚО заңдылығына және KBI Partners Limited әрекеттерін реттеуге сәйкес келеді деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу