Kcell-дің таза табысы 61 пайызға қысқарды

1041

Kcell-дің таза табысы 61 пайызға қысқарды

2017 жылдың І жартыжылдығында Kcell ұялы операторының кірісі 60,9 пайызға азайды (4,4 млрд теңге). Ал 2016 жылдың аталған кезеңінде кіріс 11,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KASE - ге сілтеп 7kun.kz хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, сауда 0,5 пайызға (71,5 млрд теңгеге дейін) түсіп кетті. Қызмет көрсетуден келетін пайда 1,3 пайызға қысқарып, 66,6 млрд теңге болды.

EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды есептемегенде, 9,1 пайызға (26,6 млрд теңгеге) төмендеді. EBITDA бойынша табыс 37,2 пайызды құрады (2016 жылдың І жартыжылдығында 40,7 пайыз болды).

Ал оперциялық кіріс көзі 12 пайызға кеміп, 15,2 млрд теңгеге түсті. Ал қаржыландыруға кеткен нақты шығын 4,6 млрд теңгеге жеткен (2016 жылы — 2,6 млрд теңге).

2016 жылдың І жартыжылдығында еркін ақша ағымы минуста болды (-8,96 млрд теңге), ал 2017 жылдың қаңтар-маусымында ол 4,2 млрд теңгеге көбейді. Абоненттік база 244 мың қолданушыға дейін артты. 2017 жылдың ІІ тоқсанында кіріс 87 пайызға кеміді (600 млн теңгеге). Бұл есептелген салықтарды төлеуге қатысты бір уақытта түзету жұмыстарын жүргізумен байланысты. 

Компанияның бас атқарушы директоры Арти Отсаның айтуынша, Алматы мемлекеттік кіріс департаменті 2012-2015 жылғы салықтық тексеріс бойынша,  компанияға 9 мрд доллар салық пен айыппұл есептеген (салық — 5,8 млрд теңге, айыппұл — 3,2 млрд теңге).

Ал Kcell салық органының мәлімдемесіне қарсы. Қажетті шаралар қолданып, сотқа шағым түсіруге де дайын. Алайда қарсылықтың нәтижесінде көрсетілген соманы толық төлеу міндетінен босатылу екіталай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу