Kcell сотта жеңіп шықты

816

Аппеляциялық сот "Кселл" мен Terraline интернет қызметінен 500 млн теңге төлету туралы шешімнен бас тартты. 

Kcell сотта жеңіп шықты

"Кселл" компаниясы заңсыз видеоклиптерге қатысы жоқ екенін дәлелдеп, авторлық құқыққа қатысты сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Atameken TV.

Аппеляциялық сот "Кселл" мен Terraline интернет қызметінен 500 млн теңге төлету туралы шешімінен бас тартты. Соттың шешімі оператор мен Музлайф телеарнасы арасындағы келісімшартқа негізделіп отыр. Яғни құжатта авторлық құқықтың жауапкершілігі телеарнаға жүктелген. Осылайша, 15 мамырдағы Алматы экономикалық сот шешімінің күші жойылды.

 Еске салсақ, Кселдің мобильді телеарнасы - Mobi TV-де DL Constraction компаниясы видеоклиптерді заңсыз көрсетті деп, үстінен шағым түсірген болатын.

 "Авторлық қоғам өтемақыны авторға емес, өзіне төлетуі  –негізсіз. Бұл менің біреудің көлігімен апатқа түсіп, кінәліден өзіме ақша өндіру үшін шағым түсірген сияқты оқиға. 3 судья қорғаушыларға сұрақты жаудырды. Олардың істі терең түсініп, тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұр. Мұндай жағдай менің тәжірибемде алғаш рет болды. Авторлық құқық – өте қиын әрі ерекше сала", - дейді"Кселл" қорғаушысы Джохар Өтебеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу