ҚДБ республикалық журналистер байқауының қорытындысын шығарды

971

ҚДБ республикалық журналистер  байқауының қорытындысын шығарды

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) журналистер арасындағы республикалық байқауының қорытындысын шығарды. Қазылар алқасы Банкпен қаржыландырылған жобалар туралы үздік материалдардың авторларын анықтады.

Барлығы ҚДБ-мен қаржыландырылған жобалар туралы үздік материалдар  байқауына республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан 17 журналист қатысты. Қазылар алқасы "Хабар", "24.kz", Atameken Business, "Алау-ТВ" телеарналары, "Капитал", "Егемен Қазақстан", "Курсив", "Кызылординские Вести", "Индустриальная Караганда", "Огни Мангистау" газеттері, "Интерфакс-Қазақстан", Kolesa.kz, Vlast.kz интернет-басылымдары мен агенттіктері тілшілерінің өтінімдерін қарады.          

Материалдар тақырыптың өзектілігі және маңыздылығы, материалды ашу толықтығы, стилистика және мазмұндаудың сонылығы сияқты қағидалар бойынша  бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктері анықталды: 

"ҚДБ қызметін белсенді және білікті жеткізгені үшін" -  Александр Константинов, Atameken Business;
"Банк қызметі туралы үздік сұхбат" - Айгүл Жамалова, Atameken Business;
"Үздік репортаж" - Марат Тоқмағамбет, "Хабар" агенттігі" АҚ;
"Өңірлік БАҚ-тағы үздік материал" - Абдрахман Еңсеген,  "Кызылординские Вести" газеті.

Байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау комиссиясына "Казахстанская правда" газетінің бас редакторы Татьяна Костина басшылық етті.   

Байқау туралы ақпарат: өтінім қабылдау 2016 жылғы 26 шілдеден бастап 01 желтоқсанға дейін өткізілді.  Байқауға қатысуға теле- немесе радиоарналарда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 01 желтоқсанға дейін қоса алғанда баспа БАҚ-да немесе Интернет-ресурстарда жарияланған немесе эфирге шыққан конкурстық жұмыстар қабылданды. Конкурстың негізгі мақсаты ірі индустриялық жобаларды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның қаржы нарығындағы оқиғаларды жеткізетін журналистер мен редакция ұжымдарының шығармашылық қызметін ынталандыру болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу