"Қазақстан даму банкі" АҚ 2018 жылы банктің мандатына сәйкес келетін, яғни елдің шикізаттық емес экономикасын дамытумен байланысты жобаларды 405 млрд теңге сомасында қаржыландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды банктің жұртшылықпен байланыс қызметі
Бұл ретте банк қарыз берудің жалпы құрылымында мемлекеттік емес көздердің үлесін арттыру ниетінде, ол ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша, ҚДБ жоспарларына сәйкес кемінде 55% құрауға тиіс.
ҚДБ 2017 жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады – шоғырландырылған таза пайда 4,8 млрд теңгені құрады. Есепті кезең ішінде Банк активтері 2016 жылмен салыстырғанда 5 % - 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2017 жыл ішінде Банк 345,3 млрд теңге сомасындағы міндеттемелердің өтелуі жағдайында 406 млрд теңге тартты.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша клиенттерге берілген ҚДБ қарыздарының қоржыны 2016 жылмен салыстырғанда 1 трлн 493 млрд теңгеге дейін 7,3 % ұлғайды. ҚДБ кредиттік қоржынының көлемі 1 трлн 561 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың қорытындылары бойынша кредиттік қоржынның салалық құрылымы (провизияларды шегергенде) 85% өңдеу өнеркәсібіндегі жобалармен ұсынылады. Бұл ретте кредиттік қоржынның негізгі үлесін мұнай өңдеу (36,6%) және металлургия өнеркәсібі (31,9%) саласындағы жобалар алады.
ҚДБ 2017 жылы 489,5 млрд теңге сомасындағы тоғыз инвестициялық жобаны, сондай-ақ 20,4 млрд теңге сомасындағы төрт экспорталды операцияларын қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Бір инвестициялық жоба бойынша (Павлодар МӨЗ жаңғырту) қаржыландыру көлемін ұлғайтуға өтінім мақұлданды. Осылайша, ҚДБ өткен жылдың қорытындылары бойынша 526,1 млрд теңге сомасындағы 14 кредиттік өтінімді мақұлдады.
Мақұлданған жобалардың арасында Қарағанды облысындағы қуаты жылына 5 млн тонна полиметалл рудаларын қайта өңдеу жөніндегі Жәйрем КБК салу, Оңтүстік Қазақстан облысында кернеуі 110 және 220 кВ класындағы күш трансформаторларын жасау зауытын, Астананың маңынан жел электр станциясын салу сияқты greenfield-жобалар бар.