"Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған": Талғардағы оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды

883

Қайғылы оқиға болған түні күдіктілер Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевты да өлтіруге оқталған.  

"Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған": Талғардағы оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды Фото: бейнежазбадан

Бұл туралы адвокат Марал Жайлаубаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Адвокат қылмыстық іс бес бап бойынша тергеліп жатқанын еске салды.

"Қайғылы оқиға болған түні  жәбірленушілердің бірінен, яғни Шерзаттың ағасынан ұялы телефон, қолма-қол ақшасы бар әмиян ұрланғаны белгілі болды. Бұл факт бойынша өтініш беріп, ол қанағаттандырылды. 188-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға болған түні Нұрғанат дене жарақаттарын алды. Күдіктілер оның беліне пышақ сұққан. Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, нәтижелер алынды", – деді Марал Жайлаубаева.

Сөзінше, "Адам өлтіруге оқталу" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы өтініш жолданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу