ҚДКБҚ енді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемені ай сайын жариялайды

982

ҚДКБҚ теңгедегі депозиттер бойынша максималды сыйақы мөлшерлемелерін есептеу тәсілін өзгертеді.

ҚДКБҚ енді депозиттер бойынша шекті мөлшерлемені ай сайын жариялайды

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) Директорлар кеңесі жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша шекті сыйақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді мақұлдады.

Енді, қыркүйектен бастап:

1) ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді бұрынғыдай тоқсан сайын емес ай сайын жариялайтын болады

2) шекті сыйақы мөлшерлемені есептеу кезінде ҚДКБҚ екі мәннің біреуіне сүйенеді: орташа өлшемдінарықтық сыйақы мөлшерлемесіне немесе Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне – салым түрі мен мерзіміне байланысты.

Сонымен, мерзімсіз депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлеме плюс спредке тең болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу