ҚДКБҚ қаңтар айына ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін жариялады

1001

ҚДКБҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1%, 2 жылға 14,5% құрайды.

ҚДКБҚ қаңтар айына ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін жариялады

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2020 жылғы қаңтарға теңгедегі депозиттері бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін жариялады.

ҚДКБҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1%, 2 жылға – 14,5% құрайды.

"Бұл қазақстандықтар арасында ең талап етілетін жинақ салымдары: оларға қалдықтағы көлемнің 83% келеді",– делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап теңгедегі салымдардың барлық түрлері бойынша бүкіл өсім 429 млрд теңге құраған, оның ішінде 237 млрд жинақ салымдарына келді. Басқаша айтқанда,әрбір екінші теңге жинақ салымдарына орналастырылды, нәтижесінде олардың көлемі 10 есе ұлғайды.

"3 және 6 айға мерзімсіз және мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейде сақталды, себебі оларды есептеу үшін Қазақстан Ұлттық Банкі шешім қабылдайтын базалық мөлшерлемесі негіз болып табылады . Ағымдағы сәтте ол 9,25% -ға тең",– делінген ҚДКҚ мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу