ҚДКБҚ қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті

1023

ҚДКБҚ 2021 жылдың қыркүйегіне тиесілі қысқа мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz қор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚДКБҚ қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қыркүйек айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекітті.

"Банктердің нарықтық мөлшерлемелерінің орташа деңгейінің төмендеуіне байланысты мерзімсіз салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер алдыңғы деңгейде сақталынып қалды. Базалық мөлшерлеменің өсуінен кейін 3 және 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдары бойынша максималды мөлшерлемелер 0,3 п.т. көтерілді, бұл депозиттердің осы түрлерінің тартымдылығының артуы тенденциясын ескере отырып, банктердің нарықтық мөлшерлемелері бойынша ықтимал жауабына сәйкес келеді. Сонымен қатар, қысқа мерзімді депозиттер бойынша (3, 6 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелердің жоғарылауы тұрақты қаржыландырудың өсуіне түрткі болады және ашылған депозиттерді қайта рәсімдеу мүмкіндігінің болуына байланысты несиелендіруге кері әсерін тегістеуге ықпал етеді. Нарыққа тәуелді ұзақ мерзімді депозиттер бойынша (12, 24 айға арналған мерзімді және жинақ салымдар) мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды", – деп жазылған ҚДКБҚ таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу