ҚДКБҚ салымдар бойынша сыйақыларға кепілдік бере ме?

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, банк салымшының жинақтарындағы сомаға салым шартына сәйкес сыйақы есептейді.  

 ҚДКБҚ салымдар бойынша сыйақыларға кепілдік бере ме? Фото: inbusiness.kz

2020 жылғы 1 қаңтардан бері, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепілдіктері депозиттегі ақшаны ғана емес, оған есептелетін сыйақыны да қорғайды. Егер банк төлемге қабілетсіз болып қалса, ол лицензиясынан айырылған күнге қарай есептелетін сыйақыға да кепілдік беріледі.    

Міне, осылайша Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған салымдарыңыз бойынша кепілді өтемді есептеу барысында салымдарға есептелген сыйақы да ескеріледі.

Алайда дәстүр бойынша мына қағидаға тағы да назар аудару керек: төлем сомасы заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшерінен аспайды: 

  • 20 млн теңге – теңгелік жинақ салымдар бойынша;
  • 10 млн теңге – теңгедегі өзге салымдар, карточкалар, шоттар бойынша;
  • 5 млн теңге – шетел валютасындағы салымдар, карточкалар, шоттар бойынша.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы 1460 тегін қысқа нөміріне хабарласып, толығырақ білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу