ҚДКБҚ: салымшылар 114 млрд теңгеден астам өтем алды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры барлық таратылатын банктердің салымшыларына кепілді өтем төлеуді аяқтады. 

ҚДКБҚ: салымшылар 114 млрд теңгеден астам өтем алды Фото: inbusiness.kz

Қор мамандары бұған бүкіл бір дәуірдің аяқталуы деп баға берді. Өйткені кейбір жекелеген сақтандыру жағдайлары бойынша өтем ақшалар соңғы 15 жыл бойы төленіп келген еді. 

Лицензиясынан айырылған банктерде депозиттері бар 419 мыңға тарта салымшы жалпы сомасы 114 млрд теңгеден астам сомаға заңнама жүзінде кепілдік берілген өтем ақшаларына қол жеткізді.      

Осылайша 2022 жылы 271 мыңдай салымшы өздерінің БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде жалпы сомасы 830 млн астам теңгеге кепілді өтем алды. 

Бұл Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық тәжірибе жүзінде де бірегей механизм. Мысалы, шетелде әдетте салымшылардың талап етпеген сомалары муниципалдық бюджетке немесе әлеуметтік, сондай-ақ қайырымдылық мақсаттарға жұмсалатыны белгілі.

Түптеп келгенде аталған шаралар Қорға өзінің депозиторлар алдындағы кепілді өтем төлеу бойынша міндеттемелерін 99%-ға орындауға мүмкіндік берді. Бұл қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің тиімділігін тағы да дәлелдей түседі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу