ҚДКҚ Қазинвестбанктің салымшыларына 768 млн теңге төлейді

937

ҚДКҚ Қазинвестбанктің салымшыларына 768 млн теңге төлейді

Бүгін Алматыда ҚР Ұлттық Банкі, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өкілдерінің және "Қазинвестбанк" АҚ-тың уақытша басшыларының қатысуымен баспасөз жиыны болып өтті.

Брифинг барысында спикерлер депозиттерді қайтару жөніндегі кепілдіктерді еске салды, сондай-ақ лицензиясынан айырылған Қазинвестбанктің салымшыларымен жұмыс тәртібінің қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлады ҚДКҚ баспасөз қызметі.

Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған. Кепілдіктің ең жоғарғы шегі теңгемен депозиттер бойынша 10 млн теңгеге дейін; шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеге дейін.

"Кепілдік берілген сома шегіндегі міндеттемелер бойынша банктің барлық салымшылары мен клиенттері заңнамада белгіленген мерзімде өтемақы алады: ҚДКҚ соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде төлей бастайтыны туралы хабарлайды. Банктің салымшылары мен клиенттері ҚДКҚ салымшылармен есеп айырысу үшін агент етіп тағайындаған өз қаласындағы банк бөлімшесіне жүгіне алады, өтініш беріп, 5 жұмыс күні ішінде өтемақы алады", – деді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы Бақыт Қоғылов, сондай-ақ барлық төлемдердің соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі бағам бойынша теңгемен төленетінін айтып өтті.

ҚДКҚ-да банктің өтемақы алуға құқылы 8 292 салымшысы мен клиентінің (жеке тұлғалардың) 99,7%-ы өтемақыны толық көлемде, қалған салымшыларының кепілдік берілген сома шегінде алатынын атап өтті.

"ҚДКҚ-ның төлем жасау жөніндегі міндеттемелері 768 млн теңгені құрайды. Жеке тұлғалар алдындағы кепілдік берілген сомадан асатын міндеттемелер және есептелген сыйақы бойынша тарату өндірісі барысында тарату комиссиясы есеп айырысады – бұл міндеттемелер 4-кезекке жатқызылатын болады. Соңғы деректер бойынша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының салымшылармен есеп айырысуға арналған қаражаты 500 млрд. теңгені құрайды", – деп нақтылады Б. Қоғылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу