АҚШ, Британия, Жапония мен Еуроодақ елдері коронавирусқа қарсы 1,3 миллиард вакцина сатып алуды көздеп отыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.
Құрама Штаттар мен Британия Sanofi, GlaxoSmithKline Plc, Жапония Pfizer компаниясымен келісімге келген. Вирусқа қарсы екпелердің тиімділігі дәлелденбесе де, олардың басым бөлігін ауқатты, экономикалары дамыған елдер брондап қойған. Сарапшылар мұндай елдердің қатары әлі де өседі, ал экономикасы нашар елдер вакцинаны олардан кейін алады деген пікірде.
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 18 миллионнан асқан. Осы күнге дейін дерттен 687 мың адам көз жұмды. 10 миллион адам аурудан айыққан.
Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com