Кедейлік деңгейі жоғары өңірлер белгілі болды

542

Кедейлік қаупіне отбасы мүшелерінің саны қатты әсер етеді.

Кедейлік деңгейі жоғары өңірлер белгілі болды Фото: inbusiness.kz

 Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі осы жылдың II тоқсанында 5,1% болды. Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштері тиісінше 1 және 0,3 пайызды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Қалалық және ауылдық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін айтарлықтай үлкен айырмашылық әлі де сақталып отыр.

Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жердегі көрсеткіштің мәні қалалық жердегі көрсеткіштің мәнінен (3,9%) 3,3 п.т. асып түсіп 7,2% құрады.

Кедейлік қаупіне отбасы мүшелерінің саны қатты әсер етеді.

Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,2% құрады.

Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе дерлік жоғары.

2023 жылдың II тоқсанында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі айына орта есеппен 47 884 теңге болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу