Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Keden" мобильді қосымшасының іске қосты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Keden" - тауарларды кедендік тазарту процесінде Сіздің тауарларға арналған декларациялардың мәртебесін бақылауыңызға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
Мобильді қосымшаны пайдалану арқылы Сіз:
- Кеден органдарының уәкілетті лауазымды адамдарына берілген декларациялар туралы хабарлама жібере аласыз. Декларацияны бергеннен кейін, Сіз берілген декларация туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлай аласыз;
- Декларацияларға енгізілген өзгерістер туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлама жібере аласыз. Декларацияға жаңа құжаттар қосу, декларацияны түзету және т.б. кез келген өзгерістер енгізген кезде, бұл туралы МКО уәкілетті лауазымды адамдарына хабарлай аласыз;
- Қойылған талаптар, түзетулер, бас тарту, декларацияның мәртебесін өзгерту туралы хабарламаны алу. Мобилді қосымшада Сіз тапсырған декларацияға байланысты: өзгертілген мәртебені қарау, қойылған талаптар туралы және т.б. барлық өзгерістер туралы хабарламаны ала аласыз;
- МКО уәкілетті лауазымды адамдарымен тікелей онлайн хат алмасуды жүргізу. Мәселелер туындаған жағдайда, Сіз МКО лауазымды адамдарына хабарламаны тікелей, жеке чат арқылы жібере аласыз.
Қосымшаны App Store, Google Play қосымшаларында тегін жүктеп алуға қолжетімді.
"Keden" мобильді қосымшасы арқылы Сіз:
- Декларация мәртебесін бақылау уақытын қысқартуға;
- Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерімен тікелей байланысты болдырмауға;
- Ақпаратты таралудан қорғауға мүмкіндік аласыз.
Төменде қосымшаны орнату және онымен жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулыққа сілтеме қоса беріледі.
Keden мобильді қосымшасында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен мына жерден таныса аласыз.
Қолдау қызметі: info@keden.kz 8-700-020-3605