Кеден одағына мүше мемлекеттерге қатысты заң жобасы мақұлданды

813

"Кеден одағы" деген сөз "Еуразиялық экономикалық одақ" деп, "кеден қызметтері" деген сөз "кеден органдары" деп өзгертілді. 

Кеден одағына мүше мемлекеттерге қатысты заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте "2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрдің сөзінше, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО-ны құру туралы шарт күшіне енді. 2017 жылы одақтың жаңа кеден кодексі қабылданды. Осы өзгерістер кеден қызметтерінің біріккен алқасының шартына түзету енгізуге негіз болып отыр. Хаттамаға 2019 жылы тамызда үкімет басшылары қол қойды.  

Айта кетейік, хаттамада мүше мемлекеттердің Орталық кеден органдары анықталды. Біздің елде бұл – қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті болып бекітілді. 

"Кеден одағы" деген сөз "Еуразиялық экономикалық одақ" деп, "кеден қызметтері" деген сөз "кеден органдары" деп өзгертілді. Хаттаманы ратификациялау біздің еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды және мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді", – деді Ерлан Жамаубаев 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу