Кеден одағының ЕЭА кедендік рәсімі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы құжат мақұлданды

578

Сенатор Әлібек Нәутиев аталмыш құжат бойынша баяндама жасады. 

Кеден одағының ЕЭА кедендік рәсімі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы құжат мақұлданды Фото: ТОО МЦФЭР-Казахстан

Сенат "Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Заң 2021 жылғы 19 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қол қойылған 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға бағытталған. Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Келісімнің бірқатар баптарына редакциялық және заңдық сипаттағы өзгерістер енгізу. Құжатта еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың аумағы Одақтың кедендік аумағының бір бөлігі, ал порт және логистикалық ЕЭА шегі – Одақтың кедендік шекарасы болып табылатын норма көзделеді", - деді сенатор Әлібек Нәутиев.

Бұдан бөлек кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады, деп атап өтті ол.

"Хаттамаға сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағында Одақтың Кеден кодексіне сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарлар және Одақтың тауарлары да, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағында болуға тыйым салынған тауарларды қоспағанда, өзге де шетелдік тауарлар және Одақтың тауарлары орналастырылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін", - деді Сенат депутаты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу