Кедендегі кептеліс. Қазақ-өзбек шекарасындағы жүк тиелген көліктердің қатары бірнеше шақырымға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бір ғана "Майский" бекетіндегі кезек 4-5 шақырымға созылған. Кептелістің болуын көлік жүргізушілері кедендегі сыбайластықпен байланыстырады. Айтуларынша, кезек барысында бекет маңында сауда қызатын көрінеді. Себебі, шекарадан көп күтпей өткісі келгендер ақша беріп мәселені шешеді екен. Ал, кеден қызметінің басшылары болса барлығына көлік санының көбеюі мен "Қапланбек" кеден бекетінің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылуы себеп деп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу