Кедендік БАЖ салығын бөліп төлеу мүмкіндігі барлық кәсіпкерлерге берілмек

947

Кедендік БАЖ салығын бөліп төлеу мүмкіндігі барлық кәсіпкерлерге берілмек

Елімізде кедендік баж салығын бөліп төлеу мүмкіндігі барлық кәсіпкерлерге берілмек. Тек бизнесмендер мұны бір ай ішінде пайыздық үстемемен қайтаруы тиіс. Мұндай өзгеріс "Кедендік кодекс" жобасында қарастырылып отыр. Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, бұл мүмкіндікті пайдалану үшін кәсіпкерде сақтандыру, депозиттік немесе банктік кепілдік болуы тиіс. Сондай-ақ, вице-министр пайыздық үстемесіз алты айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі бар екендігін жеткізді. Алайда бұл тек кейбір жағдайда ғана қарастырылмақ.

Айбатыр Жұмағұлов, ҚР ұлттық экономика вице-министрі: "Пайыздық үстемесіз алты айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі, халықаралық келісімі бар жабдықтарды жеткізушілерге және ауыл шаруашылығы техникаларын, егін егу материалдарын, асыл тұқымды жануарларды тасымалдаушыларға берілмек. Бұған табиғи апатқа қажетті тауарлар да кіреді. Сондай-ақ, мұндай мүмкіндікке өнеркәсіптік өңдеуге арналған тауарларды жеткізетіндерде ие болмақ. Алайда олар төлемді пайыздық үстемемен қайтаруы тиіс және бұл тізімді кедендік комиссия белгілейді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу