Кедендік одақтың талабын орындау 2025 жылға дейін ұзарды

1945

Қазақстан "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі" техникалық регламентіне 2020 жылдың 1 қаңтарында өтуі керек еді.  

Кедендік одақтың талабын орындау 2025 жылға дейін ұзарды

Санкт-Петербургте өткен ЕЭО кеңесінің отырысында Қазақстанның Кедендік одақтағы "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі" техникалық регламенті бойынша өтпелі кезең уақыты 2025 жылға дейін ұзартылғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаева facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Еске салайық, 2020 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Кедендік одақтың "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі" техникалық регламентіне өтпелі кезең аяқталуы тиіс болған. 

ҚР Үкіметінің бастамасымен бұл уақыт созылды. Отырыс барысында белгілі болғандай ҚР Үкіметі бұл бағытта бірқатар маңызды қадамдарды жүзеге асырып, жоғарыдағы техникалық регламентке сәйкестендіруде.

Атап айтқанда 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында саланы модернизациялау, ЕАЭО техникалық талаптарына сәйкестендіру жүзеге асуда. Бұдан бөлек 2018-2027 жылдары сүт шаруашылығын дамыту салалық бағдарламасы іске қосылған. Мемлекет бұдан бөлек аталған техникалық регламенттің жүзеге асыру үшін "Жол картасы" қабылданған.

Алайда жүзеге асқан жұмыстардың барлығы ТР ТС 033 талабын орындауға әлі де жеткіліксіз. Қабылданған шараларға қарамастан сүт өндірісі саласында ЕАЭО техникалық талаптарына сай өнім шығару толық жүзеге аспай отыр.

Қазіргі кезде ел аумағында 164 сүтті қайта өңдеуші кәсіпорын жұмыс істеп, жылына 2 млн тонна өнім шығарады. 35 зауыттың жеке сүт фермасы бар. Қалған 129 зауыт сүт өнімдерін сырттан сатып алады.

Ал ТР ТС 033 талабы қабылданған жағдайда зауыттар сырттан өнім алу мүмкіндігінен айырылады. Бұл өз кезегінде сүт өндірісіне әсер етеді. Ірі зауыттар өндірісті қысқартып, шағын зауыттар жабылып қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу