Кедендік ресімдеудің жаңа ақпараттық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі

190

Өзгерістер мен толықтырулар кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кедендік ресімдеудің жаңа ақпараттық жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі Фото: customs.kz

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Keden" кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде кеден саласындағы мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда тізілімдерге енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізілетінін хабарлайды:

  • Кеден қоймаларының иелері
  • Еркін қоймалардың иелері
  • Өз тауарларын сақтау қоймаларының иелері
  • Уақытша сақтау қоймаларының иелері
  • Бажсыз сауда дүкендері
  • Кедендік өкілдер
  • Кедендік тасымалдаушылар.

2025 жылғы 10 ақпаннан бастап аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді беру және өңдеу "Keden" АЖ жүзеге де асырылатын болады.

2025 жылдың 7 ақпанында сағат 18:30-да "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесінде кедендік реттеу саласында аталған мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаттары жасалған:

https://t.me/kedenkgdgovkz/26371 – кеден өкілдері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26372 – уақытша сақтау орындарының иелері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26374 – бажсыз сауда дүкендері үшін

https://t.me/kedenkgdgovkz/26373 – кедендік тасымалдаушылар үшін.

"Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз",  делінген департамент хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу