Кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібіне өзгеріс енеді

522

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліске "1999 жылғы 8 қазандағы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын енгізді. 

Кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібіне өзгеріс енеді

Министрдің мәлімдеуінше, хаттамаға 2019 жылғы 31 мамырда Ашхабад қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің премьер-министрлері қол қойған. 
2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің жаңа еркін сауда аймағы туралы шартқа қол қоюына байланысты заң жобасын әзірлеу қажеттігі туды. Оның күшіне енуіне байланысты бірқатар халықаралық шарттар, оның ішінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі еркін сауда аймағын құру туралы келісім әрекетін тоқтатты. 

"Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкестендіру мақсатында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімнің кіріспесіне өзгеріс енеді.  Бұған қоса жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкестендіру және бірыңғай "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін" белгілеу мақсатында келісімнің 2-бабы 2009 жылғы 20 қарашадағы атауы сілтемемен толықтырылды. Келісімнің 6-бабы жаңа редакцияда жазылды. Оның мәні – қажет болған жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өткізу пункттерінде бірлескен кедендік бақылауды және кедендік операцияларды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды. Бұл тауарлардың өтуін жеделдетуге мүмкіндік береді және кеден органдардың бақылау уақытын қысқартады. Заң жобасын ратификациялау тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау тәртібіне тұжырымдамалық өзгеріс енгізуді көздемейді. Хаттама ТМД қатысушы мемлекеттер арасында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, ықпалдасуға және өзара көмек көрсетуге бағытталған. Хаттаманы іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу