Кедендік төлемнің түсімі төмендеді

1049

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жыл  мемлекеттік бюджет кірісі үшін оң сальдомен жабылғанын жариялады. 

Кедендік төлемнің түсімі төмендеді

"Былтыр мемлекеттік бюджет кірісі бойынша жоспар 2,7, республикалық бюджет 0,3 және жергілікті бюджет 8,1%-ға артық орындалды. Пандемияға қарамастан, мемлекеттік бюджеттің кірісі іс жүзінде 2019 жылғы деңгейде қалды деп айтуға болады", – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, корпоративтік табыс салығы – 3,5, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бойынша қосылған құн салығы – 1,8, еңбекақы төлеу қорының салығы – 5,3%-ға ұлғайды. 

"Негізгі кедендік төлемдер бойынша түсім төмендеді. Бұл сыртқы және ішкі экономикалық ахуалға тікелей байланысты болды", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Оның айтуынша, мұнай және металл бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43 және ғылым мен техникалық сектордың  түсімі 29%-ға төмендеді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу