"Кедр" моншасындағы өрттің себебі анықталды

982

Өрт сөндірушілер құтқару қалпағымен бес адамды алып шыққан.

"Кедр" моншасындағы өрттің себебі анықталды

29 мамырда сағат 21.58 де Қарағандыда Ермеков көшесіндегі "Кедр" моншасының жанып жатқаны жөнінде құтқару қызметіне хабарлама түскен. Жеке тұрған ғимаратта сауна және монша орналасқан. Куәгерлердің айтуынша, моншаға келушілердің көбісі өрт шыққан бойда жартылай  жалаңаш күйде далаға қашып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі құтқару қалпағымен бес адамды өрт ішінен алып шыққан.

Тілсіз жау моншаның шатырынан шығып, шатыр бөліктері, есіктер мен терезелердің ағаш жақтаулары және  екінші қабаттағы жиһаздар жана бастаған. Өрт моншаның жанында тұрған көліктерді де шарпыған. Сонымен қатар, тілсіз жау  моншаның жанында тұрған жер үйдің қорасы мен жазғы үйіне жетіп, мұнда  100 шаршы метр жер отқа оранған. 

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пеш пен мұржаны орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамау жайттары себеп болған.  Өрт кезінде түтінге уланған және күйік жарақатын алған екі адам дәрігерге өздері барған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйде емделуге нұсқау беріліпті.

Өрт сөндіруге 50 құтқарушы мен 13 техника жұмылдырылды.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу