Кеген ауданында "Қазақтелекомның" сымы үзіліп, кішкентай бала мерт болды

337

Полиция кінәлілерді анықтап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Кеген ауданында "Қазақтелекомның" сымы үзіліп, кішкентай бала мерт болды Фото: special.nur.kz

Алматы облысында "Қазақтелекомның" салғырттығынан сымдардың бірі үзіліп, кішкентай бала мерт болды. Қайғылы оқиға Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған.

Аталған іспен дәл қазір ішкі істер органдары айналысып жатыр.

– Ішкі істер органдары тергеу іс-шараларын жүргізіп, мән-жайлар мен электр беру кабелінің үзілуіне жол берген адамды анықтауда. Компания барлық мүдделі тараптармен бірге алдын ала шығарылатын қорытынды шешімді күтіп отыр, – делінген хабарламада.

Ал, "Қазақтелеком" АҚ ұжымы марқұм болған баланың ата-анасы мен туған туыстарына қайғырып көңіл айтады.

– "Қазақтелеком" қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір, – деп хабарлады "Қазақтелеком" АҚ компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу