Кеген ауданындағы "Мұзды жанартау" жұртты тамсандыруда

1730

Шетел жоғары технологияларымен таң қалдырса, біздің ел табиғатымен жұртты тәнті етуде, деп хабарлайды Atameken Business.  

Кеген ауданындағы "Мұзды жанартау" жұртты тамсандыруда

Мәселен Алматы облысында пайда болған "мұзды жанартау" жұртты тамсандыруда. Мұнда табиғаттың ерекше құбылысын тамашалап, суретке түсу үшін еліміздің өзге аймақтарынан да туристтер арнайы келген. Тіпті, Кегендік "айсберг" жайлы шетелдік басылымдар да жарыса жазуда. Жергілікті тұрғындар бұл жердің астынан атқылап шығатын артезиан суы екенін айтады. Қыс келгенде ернеуі биіктеп қатып, 14 метрге дейін көтеріледі екен. Артынша мұз төбешіктің ортасында қуыс пайда болып, төбесінен шыққан су буы жанартаудан атқылаған түтінге ұқсайды. Жалпы, жанартау түсінігі отты лавамен байланысты болғандықтан, "мұзды жанартау" ерекше құбылысқа теңеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу