"Кеген – Нарынқол" автожолында су құбыры жарылды

134

Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған.

"Кеген – Нарынқол" автожолында су құбыры жарылды Фото: Бейнежазбадан

Бүгін, 3 сәуір сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар "Кеген – Нарынқол" автомобиль жолының 20-шақырымында еріген суларды өткізу кезінде қолданыстағы су өткізу құбырының зақымдануы және жол төсемінің шайылуы тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылды. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр.

Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады.

Аталған учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 500 автокөлік.

Жол 1960-1970 жылдары салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу