Кеген және Райымбек аудандарында 109 шақырым жол жөнделеді

251

Жөндеу жұмыстарын жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.  

Кеген және Райымбек аудандарында 109 шақырым жол жөнделеді Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында биыл республикалық маңызы бар 308 шақырым автомобиль жолы орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның 109 шақырымы Кеген және Райымбек аудандарына тиесілі.

Жөндеу жұмыстары елді мекендерді байланыстыратын "Көкпек – Кеген – Түп" және "Кеген – Нарынқол" автожолдарында жүргізіліп жатыр.

Кеген ауданында "Көкпек – Кеген – Түп" жолының 35 шақырымы жаңартылады. Жұмысқа 40 маман мен 45 техника тартылған.

Ал Райымбек ауданында "Кеген – Нарынқол" автожолының 74 шақырымы жөнделуде. Мұнда 90 маман мен 50 жол техникасы жұмыс істеп жатыр.

Жөндеу кезінде көлік қозғалысы тоқтатылмайды. Жол негізін нығайту үшін ресайклинг әдісі қолданылып, екі қабат асфальтбетон төселеді.

Жұмысты уақытында аяқтау үшін үш асфальтбетон зауыты жұмылдырылған. 109 шақырым жолды 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу