Кегендегі Қара шатқалда 1,5 млрд теңгелік аспалы әйнек көпір салынады

564

Алматы облысында туристік саланы дамыту үшін екі ірі жоба ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кегендегі Қара шатқалда 1,5 млрд теңгелік аспалы әйнек көпір салынады Фото: Алматы облысының әкімдігі

Оның бірі – Кеген ауданындағы "Қара шатқалға" аспалы әйнек көпір салу, екіншісі – этно-туристік "Көшпенділер қаласы" кешені.

Аспалы көпірдің құны – 1,5 млрд теңге. Құрылыс кезінде 120 жұмыс орны ашылады, нысан іске қосылған соң 58 тұрақты қызметкер қажет болады. Жобаның толық қуатында жылына 400-600 мың турист қабылдауға мүмкіндігі бар.

"Көшпенділер қаласы" жобасы инвестордың жеке қаражаты есебінен салынады. Ол жылына 150 мың турист қабылдай алады, құрылыс кезінде 120 жұмыс орны, кейін 80 тұрақты жұмыс орны болады.

Әкім Марат Сұлтанғазиев жобаны іске асыру үшін байланыс желілері мен инфрақұрылым мәселелерін шешуді тиісті органдарға тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу