"Кегін алдым": Павлодарда танысын бауыздап өлтірген қарияның кім болғанын көршілері айтып берді

360

Ер адам екінші ер адамды өлтіргенімен ешқайда қашуға ниеттенбеген.  

"Кегін алдым": Павлодарда танысын бауыздап өлтірген қарияның кім болғанын көршілері айтып берді Фото: Бейнежазбадан

Жуықта әлеуметтік желіде Павлодардағы аулалардың бірінде ер адам екінші ер адам екінші бір адамды көршілерінің көзінше бауыздап өлтірген видеосы тараған болатын. Оқиға куәгерлері қылмыстың себебін айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Оқиға 16 маусым күні болған. Ер адам екінші ер адамды өлтіргенімен ешқайда қашуға ниеттенбеген.  

Күдіктінің көршісі осыдан екі жыл бұрын дәл осы күні, осы жерде павлодарлықтың қаза болғаны туралы айтты.  

16 маусымда қаза болған ер адам 2022 жылдың мамыр айында танысымен бір үйде тұрған. Ол танысын абайсызда итеріп жіберіп, өлтіріп қойған. Ол осы қылмысы үшін 1,5 жыл түрмеде отырған.

"Оқиға екі жыл бұрын болған. Ер адамдар ішімдік ішіп отырған, ол абайсызда бір адамды итеріп жіберіп, қайтыс болған. Ал 16 маусым күні марқұмды бауыздаған адам "Жұманың кегін алдым" деп айтты деді”, – күдіктінің көршісі.

Екі жыл бұрын жәбірленуші ауруханаға түсіп, бірнеше аптадан кейін, 16 маусымда қайтыс болғаны белгілі болды.

Павлодар тұрғынын өлтірді деген күдіктіні полицейлер ұстады. Тіпті оның жасырыну ниеті болмаған. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Желіде Павлодардағы бір үйдің ауласында кісі өлтірілгені түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан ер адамның белгісіз себеппен басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқаймыз. Кейіннеен Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу