"Құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, "KEGOC" АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды", – деп жазылған хабарламада.
Тексеріс нәтижесі бойынша, "KEGOC" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.
Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, "KEGOC" АҚ-ға 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынады.