"KEGOC" акциялары саудағы шықты

502

Қазақстандықтардың еліміздегі жетекші энергетикалық компанияның құнды қағаздарын сатып алуға мүмкіндігі бар. 

"KEGOC" акциялары саудағы шықты Фото: sk.kz

KEGOC SPO-сы аясында 2 қарашаға дейін акционер атанып, дивидент алуға болады. Бүгін компания өкілдері Ақтөбеде болашақ инвесторлармен жүздесті. Шара барысында бұған дейінгі өткен Ұлттық ІРО нәтижесі мен акционерлік қоғамның қаржылай жетістіктері сөз болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

KEGOC акционерлік қоғамының құнды қағаздары алғаш рет 2014 жылы сатылымға шықты. 9 жылдан кейін қазақстандықтар үшін акционер атануға тағы бір мүмкіндік пайда болды. 2 қарашаға дейін брокерлер арқылы немесе "Қазпошта" бөлімшелерінде акция сатып алуға өтініш беруге болады. Инвесторларға дивидент жылына екі мәрте төленеді, деп мәлімдеді "Хабар 24" телеарнасы.

"Акцияның бағасы ол кезде 505 теңгемен шыққанбыз. Енді бүгінгі баға – 1525 теңге. Сонда акцияның бағасы 3 есе өсті. 9 жыл бойы біз жылына екі рет дивидент төледік. Оның сомасы – 218 млрд теңге", – дейді "KEGOC" АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева.

Электр энергиясын тасымалдаушы компания акцияларының бұл жолы да биржа саудасында сұранысқа ие болатындығына сенім бар. Себебі мамандар табыстың тұрақты өсімін алға тартып отыр. Мәселен, былтыр кіріс көлемі 27 млрд теңге болса, биыл 31 млрд теңгеге жетуі тиіс.

"KEGOC SPO-сы Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. KEGOC SPO-сының негізгі параметрлері және шарттары өз кезегінде ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөнінджегі мемлекеттік комиссиямен мақұлданды", – деді "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің аға менеджері Айбек Мұқашев.

Еліміздегі жетекші энергетикалық компания бұл жолы сатылымға 15 млн қарапайым акция шығаруды көздеп отыр. Мамандар акционер атану мүмкіндігінен қапы қалмауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу