KEGOC дивидендтер ақысын төлеуді бастайды

976

KEGOC дивидендтер ақысын төлеуді бастайды

KEGOC қараша айынан бастап дивидендтер ақысын төлеуді бастайды. Әзірге, эмитент бір акция бағасын 48 теңге 40 тиын деп бекітіп отыр. Ұлттық компанияның ресми сайтында жарияланған ақпарға қарағанда, акционерлер осындай ұйғарым шығарған.

2017 жылдың алғашқы 2 тоқсанындағы кірістер де есептеліп біткен. Оған сәйкес, жеке кіріс 18 млрд теңгені құрапты. Енді қаржының 70%-ы қарапайым акция ұстаған үлескерлерге бөліп берілуі тиіс. Бұл шамамен 12,6 млрд теңге деп қарастырылған. Дивидендтер ақысын төлеу мерзімі 7-ші қарашаға белгіленген.

Айта кетейік KEGOC Қазақстанның электр желілерін басқарумен айналысатын бірегей оператор желісі. 1997 жылы құрылған. Негізгі басқарушысы "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры. 2014 жылы компания "Халықтық IPO"-ға 26 млн акциясын шығарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу