KEGOC дивиденттерінің жалпы сомасын бекітті

1175

Акционерлердің шешімі бойынша 2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза кірістің 77,36%-ы қоғамның қарапайым акция ұстаушыларына үлестірілетін болады.

KEGOC дивиденттерінің жалпы сомасын бекітті

Жиналыс қорытындысына сүйенсек, компанияның шоғырландырылған таза кірісі 22,57 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірістің 77,36%-ы қоғамның қарапайым акция ұстаушыларының арасында үлестірілетін болады. Осылайша оларға төленетін дивиденттердің жалпы сомасы 17,46 млрд  теңгені құрады.  Бұл бір қарапайым акцияға шаққанда – 67,17 теңге.   

Бұл ретте "KEGOC" еліміздегі бірыңғай электр желілерін басқарушы ретінде жүйелік оператор қызметін атқаруда. Компанияның 90% үлесін иеленген негізгі акционері "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры". 2014 жылы "Халықтық IPO" аясында "KEGOC" компаниясының 10% қарапайым акциялары Қазақстан қор биржасына (KASE) орналастырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу