KEGOC ірі инфрақұрылымдық жобаны толық аяқтады

756

Жобаны салу 2014 жылы басталған болатын.

KEGOC ірі инфрақұрылымдық жобаны толық аяқтады

Бүгін Индустрияландыру күні аясында өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевке 500кВ "Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма" ӘЖ-нің жоғары вольтті желілерін іске қосуға тапсырма берді, деп хабарлайды компания.

Бұл желілер "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік" транзитінің 500 кВ ӘЖ салу" (шығыс транзиті) атты ауқымды инвестициялық жобасының екінші кезеңі. Жобаның бірінші кезеңі – "500кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ салу" мемлекет басшысының қатысуымен 2016 жылғы 6 желтоқсанда өткен телекөпір барысында іске қосылған болатын.

Осылайша, "KEGOC" АҚ 2014 жылы салына бастаған саладағы ірі инфрақұрылымдық жобаны толық аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу