Бұл туралы "KEGOC" АҚ хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"KEGOC" АҚ-да релейлік қорғау және апатқа қарсы автоматика штаттық режимде жұмыс істеді. Бұл Атырау және Маңғыстау энергия тораптарын қорғау, олардың толық істен шығуына жол бермеді. "KEGOC" АҚ ұжымының үйлесімді іс-қимылы аз уақытта қалыпты жұмысты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Бір сағаттан аз уақытта Қазақстанның БЭЖ батыс аймағымен Атырау энергия торабы, ал одан кейін Маңғыстау торабы синхрондалды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек авариялық жағдайды талдау жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту және реконструкциялау, Атырау мұнай өңдеу зауытын сыртқы электрмен жабдықтауды күшейту және жаңа заманауи энергия көздерін салу қажеттігін көрсеткен.
"Ұзындығы 770 шақырым болатын 220 кВ әуе желісін салу, қолданыстағы 220 кВ қосалқы станцияларды кеңейту және 220 кВ бір тарату қосалқы станциясын салу арқылы батыс энергетикалық аймағының электр желісін арттыру жобасын биылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде транзиттің өткізу қабілеті "Орал-Атырау" учаскесінде 2 есеге, "Атырау-Маңғыстау" учаскесінде 4 есеге артады. Бұл батыс аймақ тұтынушыларының электрмен қамтылуын айтарлықтай арттыруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.