"KEGOC" АҚ-ның 2017 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы ХҚЕС бойынша таза кірісі 12,273 млрд теңгені (ағымдағы - 313,52/$1) құрады. Аталмыш көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп. Бұл мәліметті компания қаржылық есебінде көрсетті.
15,997 млрд теңгеге жеткен салық салуға дейінгі түсім қаржының осы есептік мерзімде 2 есеге өскенін анықтап отыр.
Өткен жылдың қаңтар-наурыз айларындағы кезеңмен салыстырғанда ағымдағы жылдың кіріс көлемі 16,9%-ға, яғни 38 млрд теңгеге ұлғайған. Жалпы пайда көлемі 30,7% - 17,9 млрд теңгеге, операциялық пайда 27,9%, - 14,2 млрд теңгеге өскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу