Ведомствоның хабарлауынша, оның бірнеше себебі бар.
"Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Сәйкесінше, мектептерді интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі. Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар. Олардың ішінде техникалық жағдайлардың жоқтығы (оптикалық талшықты желілер және т.б.). Сонымен қатар кейбір мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндік бар. Бірақ оның жоқтығы мектеп директорларының үнемдеуінен емес, әкімдіктер мен мәслихаттардың мектептерді қажетті тарифтік жоспарға қосу үшін жоғары сапалы интернетке бастапқыда жеткілікті көлемде қаржы бөлмейтіндігінен. Бұл жерде әрине, әкімдіктерден бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен мектеп директоры немесе білім бөлімінің басшысы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете алмайды", – деп хабарлады министрлік.