Кей өңірде сұйылтылған газ тапшылығы орын алды – Әлихан Смайылов

702

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, жанар-жағармай бойынша ішкі нарықты қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде ахуал бір қалыпқа келіп жатыр. Дегенмен жағдайды үнемі назарда ұстап, қатаң бақылау қажет, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Кей өңірде сұйылтылған газ тапшылығы орын алды – Әлихан Смайылов

"Кейбір өңірлерде сұйылтылған газдың тапшылығы орын алып отыр", – деді ол.

Оның айтуынша, әр облыста мұнай базалары мен ұсақ жанар-жағармай құю бекеттерін бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды.

Әкімдер өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, заң бұзушылық анықталса,жедел шара қабылдауы тиіс.

Зауыттарда мұнай өңдеу және дизель отынын өндіру көлемі ұлғайтылды.

Зауыттардан мұнай базаларына және барлық өңірдегі жанармай құю бекеттеріне дейін мұнай өнімдерінің логистикасы жолға қойылды.

"Мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу мақсатында қажетті экспорттық шектеулер енгізілді, дизель отыны ішкі нарыққа делдалдарсыз жеткізіледі", – деп уәде етті премьер-министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу