Кей өңірлердегі жылу электр орталықтарының тозуы 92%-ға жетеді

Бұл туралы Сенатор Серік Шайдаров  мәлімдеді. 

Кей өңірлердегі жылу электр орталықтарының тозуы 92%-ға жетеді Фото: egemen.kz

"Электр станцияларының негізгі жабдықтарының тозуы 57%-ды құрайды. Ал жекелеген өңірлерде бұл көрсеткіш 88%-ға жетеді.Электр желілерінің 66%-ға тозуы өңірлердің желілерінде тасымалдау кезінде электр энергиясының 11%-ға жоғалуына әкеліп отыр", – деді спикер. 

Өңірлер бөлінісінде желілердің тозу деңгейінде елеулі алшақтық байқалады. Мысалы, Астана қаласында бұл көрсеткіш 29,5% болса, Ұлытау облысында - 70%, Қостанай облысында - 85,3%.

"Жылу энергиясын өндіру, тарату және жабдықтау саласындағы жағдай сыни деңгейге жетті. Жыл сайын артып келе жатқан жылу электр орталығы жабдықтарының орташа тозу деңгейі 66%-ға жетті.

Еліміздің әрбір екінші жылу электр орталығының тозуы (19-дан 37-ге) орташа республикалық көрсеткіштен асып, жекелеген өңірлерде 92%-ға жетеді. Жылумен жабдықтау секторында да осындай жағдай қалыптасуда. Қазіргі уақытта 3 мың шақырымнан астам жылу желілерін ауыстыру қажет, яғни олардың жалпы ұзындығынан шамамен 30%  (барлығы-12 мың км).

Бұл ретте жылу желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру үрдісі байқалады.

Жылу энергиясының жетіспеушілігі проблемасы артып келеді", – деді сенатор. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу