Кей өңірлердегі жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігуде

Бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстырылды.

Кей өңірлердегі жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігуде Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Жылыту маусымының басталуына 1 айдан астам уақыт қалды.

Жалпы, дайындық жұмыстары белсенді жүруде. Жылудың дер кезінде берілуін қамтамасыз ету керек. Жүйелік оператор "KEGOC" компаниясы Жылу орталықтарындағы жөндеу жұмыстарының кестесін бекітті. Алайда, бұл кестеден кешігу байқалып отыр кейбір өңірлерде. Кей жағдайларда жөндеу жұмыстарын келесі жылға ауыстыру фактілері орын алуда.

Сондықтан, қыс уақытында осы объектілердің тұрақты жұмысында тәуекелдер туындауы мүмкін.

Мәселен, Теміртау, Риддер, Екібастұз, Жезқазған қалалары мен Маңғыстау облысы тәуекел аймағында екенін атап өткен жөн", – деді Үкімет басшысы. 

Проблемаларды шешу үшін "Қазақмыс", Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы, "АрселорМиттал Теміртау"компаниясының басшыларымен және иелерімен кездесулер өткізу қажет.

"Олардың объектілерінің көпшілігі суық ерте түсетін солтүстік аймақта орналасқан. Сондықтан, дайындық жұмыстарын күшейту керек", – деді Премьер-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу