Кейбір адамдардың коронавирусқа қарсы ерекше иммунитеті болуы мүмкін

708

Ауырып жазылған соң, коронавирусқа қарсы екпе салдырғандардың басқа да вирустарға қарсы иммунитеті жоғары болады. Арнайы зерттеу жүргізген Рокфеллер университетінің ғалымдары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Кейбір адамдардың коронавирусқа қарсы ерекше иммунитеті болуы мүмкін

Зерттеуге Pfizer және "Модерна" екпесін салдырғандар қатысқан. Ауырып жазылғаннан соң, вакцина алған адамның ағзасында SARS-CoV-2 вирусының мутанттарына қарсы тұратын антидене жоғары деңгейде болған. Оның "альфа", "дельта" дейтін қауіпті штамдарға да қарсы тұратыны анықталған. Ғалымдар осындай ерекшелікті, гибридті иммунитет деп атайды. Қазір зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Вирусологтар ковидке қарсы екпенің үшінші дозасын салдыру қаншалықты тиімді деген сұраққа жауап іздеуде. Әркімнің иммунитеті әртүрлі болғандықтан, оны жаппай егу қисынсыз деп пікір білдіргендер де бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу