Кейбір ауылдарда интернет әлі де қолжетімсіз – сенатор

135

Сенаттың жалпы отырысында цифрландыру саласындағы мәселелер қаралып жатыр.

Кейбір ауылдарда интернет әлі де қолжетімсіз – сенатор Фото: eldala.kz

Сенатор Сүйіндік Алдашев мемлекеттік органдарда цифрландыру әлі де жүйелі жүргізілмей жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, цифрландыру саласындағы "Ақпараттық Қазақстан – 2020" "Цифрлық Қазақстан" және басқа да стратегиялық құжаттар ел экономикасын дамуына елеулі нәтижелер мен мультипликативтік әсерін берген жоқ. Сонымен қатар оларды іске асыруға республикалық бюджеттен қомақты қаражат жұмсалды. Осыған байланысты келесі сұрақтар туындайды. Жоғарыда аталған бағдарламаларды іске асыру қорытындыларынан нақты талдау және бағалау жүргізілді ме? Оларды жүзеге асырудың нақты нәтижелері қандай?", – деді депутаты Сенаттың жалпы отырысында.

Сүйіндік Алдашевтің сөзінше, келесі мәселе – әртүрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы. 

"Бүгінде мемлекеттік органдарда цифрландыру әлі де жүйелі негізде жүргізіліп жатқан жоқ. Келісімділік пен үйлестіру жетіспейді. Ауылдық жерлерде интернетке қол жеткізу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Ауылдық елдімекендердің шамамен 41 пайызы ғана талшықты-оптикалық байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілген. Отандық бизнес ортада цифрлық сервистер мен технологиялар белсенді енгізілмеген. Қазіргі уақытта 2023-2027 жылдарға арналған "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Осы жобаны іске асыру кезінде алдыңғы бағдарламаларды іске асыру кезінде орын алған барлық кемшіліктер мен олқылықтарды ескеру қажет деп есептейміз", – деді сенатор.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу