Кейбір экономикалық заң бұзу әрекетін қылмыстық сипаттан арылту жұмысы жалғасады

1132

Парламенттің төменгі палатасының тиісті комитетінде заң жобасы талқыланды.  

Кейбір экономикалық заң бұзу әрекетін қылмыстық сипаттан арылту жұмысы жалғасады Фото: mazhilis_kz

Отандық кәсіпкерлікті қолдау мәселелері Мемлекет басшысының назарында. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және отандық кәсіпкерлікті қолдау мәселелері әрқашан Мемлекет басшысының назарында. Осы бағытта екі негізгі міндет айқындалған. Бұл экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру және салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ тетігін енгізу.

Мұнда кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекеттеріне қатысты істер туралы болып отыр", - деді депутат Мәжілісте өткен дөңгелек үстел отырысында.

Оның сөзінше, бұл мәселенің өзектілігі соңғы кезде отандық қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытында елеулі өзгерістер болғандығына негізделеді.

"Ізгілендіру бағыттарының бірі – кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тасталуы. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бүкіл заңнама сипатындағы репрессивтіліктің төмендеуін білдіреді, бұл біздің қоғамның қазіргі мүдделері мен талаптарына сәйкес келеді. Бұл түрмедегі азаматтарды азайту саясатын қарастырумен қатар байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолдану мүмкіндігін көздейді", - деп атап өтті Снежанна Имашева.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы Жолдауында экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу