"Кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр"

581

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажеттігін атап өтті, жазады inbusiness.kz. 

"Кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр"

"Қазіргі әлемде ақпараттық кеңістіктегі келеңсіз жайттардың алдын алу жөніндегі өзара іс-әрекеттердің маңыздылығы артып келеді. Цифрлық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қарқынды дамуы жағдайында орынсыз айтылған кез келген сөз, әсіресе жастар арасында өшпенділік пен этносаралық араздық туғызуы мүмкін. Соның салдарынан қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған көпжылғы күш-жігер зая кетеді", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, дау-жанжал мен дүрбелеңді болдырмау үшін салалық ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар тығыз ынтымақтастық орнату қажет.

"Көп нәрсе біздің мемлекет қайраткерлеріміздің саяси жауапкершілігіне де байланысты. Өкінішке қарай кейбір елдерде серіктес мемлекеттерге қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер айтылып жүр. Мұндай жағдай ашу-ыза туғызатыны заңдылық және деструктивті күштер үшін ұтымды болмақ", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу