"Кейбір ер азаматтар аңдиды": Танымал блогер қорқынышымен бөлісті

2956

Қазір жеке жүргізушім мен күзетшім бар, деді ол.

"Кейбір ер азаматтар аңдиды": Танымал блогер қорқынышымен бөлісті Фото: видео скриншот

Көпшіліккке Damelya Sweet лақап атымен белгілі блогер Дамеля Бектұрсынова "Өзіміз ғой" бағдарламасында белгісіз ер азаматтардың оны аңдып, үйіне дейін баратынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

Оның айтуынша, бейтаныс жігіттер кейде қалада жүргенде маза бермейтін көрінеді.

"Қазір жеке жүргізушім мен күзетшім бар. Мені кейбір ер азаматтар аңдып жүретіндіктен, қызметкерлерді жалдауға тура келді", - деді ол.

Сондай-ақ, ол басынан өткерген бір оқиғасымен де бөлісті.

"Үй жаққа көлігіммен бара жатсам, артымнан бір кісі еріп келеді екен. Жылдам жүріп, кетіп қалмақшы болдым. Көлік жүргізушісі мен жүріп келе жатқан жолдың қасындағы жолаққа келіп "тоқта" деп айтады. Ал ол кісінің жасы үлкен. Қорыққанымнан достарыма хабарласып, "тезірек үйіме келіңдер, мені біреу аңдып жүр" дедім. Телефоннан тікелей эфирге шықтым. Маған бірдеңе болса, дәлелі болсын деп ойладым", - дейді Дамеля.

Damelya Sweet-тің айтуынша, қазіргі уақытта қыздар кіммен араласатынына жақсылап көз жеткізуі керек, әйтпесе айналаңда нешетүрлі адам болуы мүмкін.

"Көлігімде тікелей эфирде отырсам, жаңағы ер адам келіп, "шық" дейді. Мен шықпай қоямын. Сөйтіп ол күліп, көлігінің жанында тұрады. Біздің үйдің күзетшісіне жүгіріп барып "аға, ол мені аңдып жүр" деп айтамын. Одан кейін барып қана сол ер азамат көлігіне отырып қайтып кетеді", - дейді блогер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу