Кейбір кәсіпкерге 42500 теңге төлеуден бас тартылудың себебі белгілі болды

660

Жүйе мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінен ақпарат алады.

Кейбір кәсіпкерге 42500 теңге төлеуден бас тартылудың себебі белгілі болды

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының департамент директоры Айжан Қасенова неліктен кейбір жеке кәсіпкерлерге 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанын түсіндірді.

"Салық органдарында, мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген жеке кәсіпкерлер жөніндегі деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Яғни жүйе мемлекеттік кірістер органдарының жүйесінен ақпарат алады", – деді Айжан Қасенова.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өкілінің сөзінше, егер төлемнен бас тартылса, бастапқы енгізілген деректерге сүйену қажет.

"Шектеу шараларын енгізу кезеңінде көптеген жеке кәсіпкерлер өздерінің кассалық аппараттарын тапсырды немесе тапсыруға тиіс болған. Егер олар уақтылы тапсырса, "қызметін тоқтатты" деген белгі тұрады. Ал төлемнен бас тартылған жағдайда, 5 шілде күнгі бастапқы енгізілген деректерге сүйену керек", – деп түсіндірді департамент директоры.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу