Кейбір қазақстандықтар арнайы шотынан 5 теңге алуға өтінім берген

3716

Ал 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданған. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды inbusiness.kz. 

Кейбір қазақстандықтар арнайы шотынан 5 теңге алуға өтінім берген

Банктің дерегінше, бүгін БЖЗҚ-ға жолданатын өтінімді толық аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі. 

"Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз. Жеке табыс салығын ұстап қалу туралы және біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініш", – деп хабарлады банкте. 

Бұл ретте "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өтінімдердің көпшілігі қайталанғанын да жеткізді. 

"Бірнеше рет өтініш берген рекордсмендер бар. Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды. Адамның компьютерлік сауаттылығының орташа деңгейінде порталда болу уақыты 15-20 минутты алатынын ескерсек, мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу